12 ақпан 2019 16:56

Елімізде лашықта тұруға тыйым салынуы мүмкін

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото:Ботагоз Айтжанова © Фото:Ботагоз Айтжанова

Қазақстандықтарға лашықта тұруға тыйым салатын жаңа заң жобасын үкімет қарауына енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтарға лашықта тұруға тыйым салатын жаңа заң жобасын үкімет қарауына енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ильинның айтуынша, Қазақстанның заңына сәйкес, үйдің иесі өздігімен меншіктерін ХҚКО немесе әкімдік арқылы тіркеуі керек екенін айтты.

"Білсеңіздер, бұрын жемқорлық туралы мәселелер пайда болатын. Ол жер инспекциясы, сәулет мәселесі, газ, төтенше жағдайлар өкілдерінен рұқсат керек еді. Біз оларды азайтқанбыз. Енді міне, нәтижесін көріп отырмыз. Жосықсыз құрылысшылар уақытша лашықтар соғады, сосын оларды адамдарға тұруға өткізеді", - деді Ильин үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, тұрғындардың қауіпсіздік мәселесіне тұрғын үйді соққандар да, оны жалдауға бергендер де және  тұрғындардың өзі де кінәлі екенін айтты."Біз республика бойынша сараптама жасаймыз, сосын лашықты пайдалануға тыйым салу үшін заң жобасын үкіметке ұсынамыз", - деді Ильин.

Астанада болған қайғылы жағдайға байланысты Ильин тұрғын үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалатынын айтты. 

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети