03 мамыр 2020 17:01

Елімізде СOVID-19 вирусынан жазылғандардың саны 1 мыңға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kabar.kg Фото: kabar.kg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде мыңыншы науқас коронавирустан жазылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде мыңыншы науқас коронавирустан жазылғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айуынша, індеттен жазылған әйел Қызылорда облысынан, жасы 30-да екен.

"Ол 16 сәуірде Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Науқас коронавирус жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған.  Оның жағдай орташа ауыр болды. Дене температурасы 38 градусқа дейін көтіріліп, құрғақ жөтелі, әлсіздік белгілері байқалды. Науқастың өкпесіне рентгенография жасалып, өкпесінің сол жағы қабынғаны (пневмания) анықталды. Әйелге "COVID-19 коронавирус инфекциясы" деген диагноз қойылды", - деп жазды министр Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Біртанов науқастың жағдайы орташа ауыр болғанын айтады. Тиісті емдеу шаралары жүргізілген соң науқас коронавирусқа 2 рет тест тапсырыпты. Сынама теріс нәтиже көрсеткен.

"Ауруханадан шығардың алдында науқас денсаулығына шағым түсірген жоқ. Дәрігерлер оған 21 күн үйдегі карантинде отыруға кеңес берді. Мен алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Жарайсыздар! Рақмет!", - деп жазды Біртанов.

 Айта кетейік, елімізде 3877 адам қауіпті індетті жұқтырған, 26 адам аурудан көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети