06 наурыз 2021 09:39

Елімізде тағы 42 адамнан пневмония анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Елімізде тағы 42 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды, 2 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"4 наурыздағы мәлімет бойынша, 42 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 215 адам жазылып шыққан", - делінген хабарламада.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 49 504, өлім жағдайлары - 637, барлығы 43 396 адам сауығып шықты.

Сонымен қатар, 6 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 455 пациент стационарда, 14 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 226 адамның жағдайы ауыр;
• 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети