1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елімізде үш пойыз бағытының жұмысы тоқтатылды

© Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Тальго" вагондарынан құралған үш пойыздың жүруі уақытша тоқтады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келесі бағыттардың жұмысы тоқтатылды:

  • Астанадан 1 шілдеде, Атыраудан 2 шілдеде шығатын № 19/20 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау бағыты;
  • Астанадан 2 шілдеде, Оралдан 3 шілдеде шығатын № 95/96 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал бағыты;
  • Алматы-2-ден 1 шілдеде, елордадан 2 шілдеде шығатын № 701/702 Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағыты.

Бұған дейін осы пойыздарға билет алған жолаушылар оларды қайтарып, толық құнын қайтарып ала алады, сондай-ақ басқа пойыздарға билет сатып ала алады.

Жолаушылар пойыз қозғалыстарының кестесін, орын бар-жоғын және жол жүру құны туралы өзекті ақпаратты 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып біле алады (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ал ұялы телефоннан минутына 112 теңге).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!