Бүгінде тасқын жағдайы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында сақталып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен су тасқынына қатысты шаралар бойынша кеңесінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Тасқын кезеңінің кері зардаптарын болдырмау үшін республиканың барлық аймақтарында ескерту және құтқарушы ұйымдастырушылық-техникалық шаралар өткізіліп жатыр. "Облыстарда су тасқындары кезеңінде 10,37 мың тонна жанар-жағармай, 188 мың тонна инерттік материалдар, 1 миллион 84 мың қап, 89,4 тонна жарылғыш зат дайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, баспасөқз өкілдерінің айтуынша, елді мекендерді су басу қаупі болған жағдайда апаттық-құтқару бөлімшелерінің жалпы саны 23972 адам, 7361 техника бірлігі, жүзу құралдарының 982 бірлігі және 16 тікұшақтан құрылған күш-құрал топтары құрылды.
Кеңес қорытындылары бойынша, Бақытжан Сағынтаев облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп күн сайынғы мониторингті жүргізуді және аталған мәселені тұрақты бақылауға алуды тапсырды. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысында бір ауылды қар суының басып қалғаны хабарланған еді. Қар суының астында қалған аймақ - Шет ауданының Ағадыр ауылы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қар суынан ондаған үйге зақым келген, төтенше жағдай 24 наурыз күні кешкі уақытта басталыпты. Ал бұдан кейін осы облыстағы облысының алты ауыл мен бір қаланы еріген қар суының басып қалғаны белгілі болды.