03 желтоқсан 2019 | 17:46

Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

© photo.bymedia.net

Ертең, 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда және тағы бірнеше өңірде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең, 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда және тағы бірнеше өңірде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең елордада тұман түсіп, көктайғақ болады.

Реклама
Реклама

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады. Күндізгі уақытта желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда да тұман түседі деп болжанып отыр.

Қызылорда облысына таңғы уақытта көктайғақ болып, тұман түседі.

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп жел соғады.

Ақтөбе мен Оралда да тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болатыны айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram