24 шілде 2018 09:00

Еліміздің ең жолы болғыш аймағы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" еліміздің лотереяда ең жолы болғыш және ең белсенеді аймақтарын атады.


Қазақстандағы лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" еліміздің лотереяда ең жолы болғыш және ең белсенеді аймақтарын атады.

Ең жолы болғыш аймақ ретінде БҚО-ның орталығы Орал қаласы атанды. Орал қаласы сатып алынған билеттердің саны бойынша ең соңғы орында орналасқанына қарамастан, қала тұрғындарына төленген сома сатып алу сомасынан екі есеге жуық асады.

Орал қаласының тұрғындары 1,8 миллион теңгеге билет сатып алған болса, ұтыстардың сомасы 3,5 миллион теңгені құрайды. Тізімде екінші болып Көкшетау қаласы орналасқан. Бірақ Орал қаласынан бір айырмашылығы, ол сатып алынған билеттердің қала тұрғындарының санына ара қатысын есепке алғанда, сатып алу сомасы жағынан тізімді бастап келеді. Бұл қалада сатып алу сомасы 5,7 миллион теңге, ал ұтыс сомасы 11 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, Семей және Тараз тұрғындарының бірдей дәрежеде жолы болатынын атап өткен жөн, олар сәйкесінше 3-ші және 4-ші орындарда орналасқан. Семей тұрғындары сатып алу сомасы 8,8 миллион теңге бола тұра, 16 миллион ұтысқа ие болған. Ал тараздықтардың ұтыс сомасы 17 миллион, сатып алу сомасы 9,8 миллион теңгені құрайды. Қазақстанның ТОП-5 ең жолы болғыш қалаларының тізімін Өскемен қаласы қортындылайды. Өскемендіктер 6 056 700 теңгеге билет сатып алып, 9 040 680 теңге ұтысқа қол жеткізген.

Сонымен қатар "Сәтті Жұлдыз" еліміздегі лотереяда ең белсенді ТОП-5 қалаларды атады. "Сәтті Жұлдыз" лотереясына ең белсенді қатысатынаймақ Көкшетау. Батыс Қазақстан өңірінен Ақтау қаласы екінші орында орналасқан. 3-ші орынға еліміздің елордасы Астана қаласы ие болса, 4-ші орын бірден екі қала - Қарағанды және Қызылордаға бұйырды. Бес ең белсенді қалалар тізімін Семей және Тараз қалалары қортындылайды.

Тұрғындардың саны мен сатып алу және ұтыс сомасының ара қатысын есепке алмағанда, еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласы көш бастап келеді. Мұнда 54 миллион сомаға сауда жасалып, ұтыс сомасы 60 миллион теңгені құраған.

Жалпы алғанда, сынақ сатылым кезеңін есептемегенде, "Сәтті Жұлдыз" лотерея операторы қазақстандықтарға 240 миллион теңгеден астам ұтыс төлеген.

Ескерту: деректер қала тұрғындары саныныңұтыс пен сатып алу сомасына ара қатысын есепке ала отырып келтірілген. Еске сала кету керек, 2018 жылдың сәуір айына дейін "Сәтті Жұлдыз" лотерея операторы сынақ режимінде жұмыс жасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети