Елорда әуежайында тұрып қалған жолаушылар концерт қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әуежайында тұрып қалған жолаушылар концерт қойды © Tengrinews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында тұрып қалған жолаушылар концерт қойды. Аэродромда түсірілген видео Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында тұрып қалған жолаушылар концерт қойды. Аэродромда түсірілген видео Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода жолаушылар әуежайдың күту залында ән айтып, көңіл көтеріп жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі сағат үшке дейін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы қардан тазартылуына байланысты ұшу-қону жолағы жабылды. Барлық жолаушыны әуежай жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Біз жолаушыларымыздың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Толық ақпаратты әуежайлар мен авиакомпаниялардың Call-орталықтарынан білуді сұраймыз", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Оның айтуынша, Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсі Алматының қосалқы аэродромына бағытталды.

Жол жабылып, рейстер кешіктірілді. Нұр-Сұлтандағы ауа райы қандай?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети