21 қыркүйек 2019 10:55

Елордада екі мыңға жуық адам қаржы пирамидасына алданып, ақшасын қайтара алмай жүр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада "Алтын Орда" компаниясына тіркелген екі мыңға жуық адам, салған ақшаларын қайтара алмай отыр. Полиция алаяқтық бабымен іс қозғады. Арызданушы Гүлвира Ибраева 1 миллион 800 мың теңге көлемінде ақша салған. Қазір ол компаниядан 1 миллион теңгесін даулап жүр, - деп хабарлайды Astana TV тілшісі.


Елордада "Алтын Орда" компаниясына тіркелген екі мыңға жуық адам, салған ақшаларын қайтара алмай отыр. Полиция алаяқтық бабымен іс қозғады. Арызданушы Гүлвира Ибраева 1 миллион 800 мың теңге көлемінде ақша салған. Қазір ол компаниядан 1 миллион теңгесін даулап жүр, - деп хабарлайды Astana TV тілшісі.

Астаналық Гүлвира Ибраева қаржы пирамидасының құрбаны. Ол "Алтын Орда" деп аталатын компанияға наурызда тіркелген. Талап бойынша 200 мың теңге беріп, астына адам жинауы шарт. Есесіне алтын бұйымдарын алады. Жалған ақпаратқа сенген ол, бір айда 8 туысы мен әлеуметтік желідегі 200-ге жуық оқырманын тіркейді. Осы еңбегі үшін 220 мың теңге айлық алады. Кейін мәселе күрделене береді.

"Екінші айдың айлығын беретін кезде бұлардың барлығы жоқ болып кетті. Ішінде Марал Кабдуловна Ахметжановна, Маманов Улан Бауыржанұлы, Айдос деген кісі бар. Бет перделерін шешкендерін көрдім, сол бастықтардың. Өз аттарына ЦОН-да ресми түрде құжаттарын жасап осындай бір-бір компания ашып алып, елді алдап отыр", - дейді қаржы пирамидасының құрбаны Гүлвира Ибраева.

Бүгінде аталған компанияға тіркелген екі мыңға жуық адам сан соғып қалғаны белгілі боды. Пирамиданың белсенділері байланыс телефондарын өшіріп, кеңселерін жауып кеткен.

"Қазір олар "Армаф Қазақстан" деген атаумен басқа компания ашып, халықты алдауын жалғастыруда", - дейді жәбірленуші Айдана Әбділдина.

"Олар ешкімді аямайды. Бізден бөлек, Қырғызстанға барып, 200-300-ге жуық адамды пирамидаға тіркеді. Олар небір сұмдыққа барады, бізді қорқытып қоқан-лоқы да көрсетті", - дейді Айдана Әбділдина.

Қаржы пирамидасына алданғандар, салған қаражаттарын қайтарып алу үшін құзырлы органдарға арыз жазған. Олар алаяқтардың жауапқа тартылуын талап етеді.

"Тергеу барысында Коканова "Алтын Орда" компаниясына жұмыс істеймін деп, алаяқтық жолымен ақшасын жымқырып алғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүріп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан қалалық Сарыарқа ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімі басшысының орынбасары Ғалымбек Қосмұратов.

Соңғы кезде алаяқтарға алданғандар көбейген. Бұған халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі себеп дейді сарапшылар.

"Халқымыздың кейбір топтары осындай еңбексіз табыс табуға бейімділігін әлі жоғалтқан жоқ. Қаржылық ақша жинау мәселесінде көбірек пайда ұсынса, уәде берсе, өзіңмен бірге адам жина десе бұл қаржылық пирамиданың белгісі. Одан қашу керек", - дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Психологтар алаяқтар қарапайым халықты әбден зерттеген, сондықтан олар түрлі айла-тәсілді пайдаланатынын айтады. Жылтырақ, түрлі-түсті жарнамаға сенуге болмайтынын ескертеді.

"Алғаш келген адамдардың психологиялық қорғаныс механизмдеріне ықпал ете отырып, жалпы өмірге деген көзқарастарын өзгерту арқылы өздерінің қаржылық пирамидасына жұмыс жасауға итермелейді", - дейді психолог Балабек Сақтағанов.

Жалпы елде қаржылық пирамидаға қатаң тиым салынған. Соған қарамастан оларға алданатындар қатары күннен күнге көбейіп келеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети