23 шілде 2021 23:03

Елордада жаңа қаулы: карантин қашаннан бастап күшейетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева "2021 жылғы 14 шілдедегі №23 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева "2021 жылғы 14 шілдедегі №23 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа құжатта сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.

"Бұл ретте, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына, оның ішінде Ashyq жобасына қатысатын объектілердің жұмысына қатаң тыйым салынады. Ashyq жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен және тамақты жеткізуге және шығару қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде ашық аспан астында (жазғы залдарда) жұмыс күндері сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Алайда бұл жағдайда күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтау керек. 

"Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастыру. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды (Ashyq жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады", - делінген құжатта.

Компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың, батуттардың жұмыстарына тыйым салынады. 

Сондай-ақ, бұл тізімде мына мекемелер бар: түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, сонымен бірге лотерея ұтыс ойыны, жабық спорт объектілерінің фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, жабық бассейндердің, сауналардың, СПА-орталықтардың, СПА-салондардың (Ashyq жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда) және кинотеатрлардың, концерт залдарының, кинорумдардың, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және аттракциондардың, спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтар.

Осы қаулы 2021 жылғы 26 шілдеден сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети