17 мамыр 2020 17:36

Елордада жанып жатқан көліктен екі бала құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gorod.lv Фото: gorod.lv

Нұр-Сұлтан қаласында куәгерлер жанып жатқан көліктен екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында куәгерлер жанып жатқан көліктен екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 17 мамыр күні сағат 11:50-де Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Онда Nissan Terrano көлігінің қозғалтқышы өртке оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше куәгерлер көліктегі 2014 және 2015 жылы туған екі баланы құтқарып үлгерген.

"Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына қозғалтқыштағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт 12:02-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдай департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети