22 ақпан 2021 16:53

Елордада карантин жеңілдеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада қандай жағдайда карантин жеңілдейтінін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада қандай жағдайда карантин жеңілдейтінін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан 30 қаңтардан бастап "сары" аймақта. 8-10 ақпан аралығында үш күн "қызыл" аймақта болдық. Бірақ кейін біз тағы "сарыға" өтіп, қазір "сары" аймақта тұрақты тұрмыз. Осыған байланысты бекітілген талаптарға қарай шектеу шараларының белгілі бір бөлігін жеңілдету туралы мәселе қарастырылып жатыр. Бұл мәселе де мақұлдануға жіберілді. Осы аптада "сары" аймақта тұрақты тұрсақ, кейбір жеңілдіктер қабылданады", - деді Бейсенова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бір оқушы коронавирус жұқтырса, мектепті толық жаппау мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір коронавирус жұқтырған адам анықталған жағдайда мектеп 14 күнге карантинге жабылады. 

"Бүгінгі таңда оқушылар арасында вирус жұқтырғандардың басым бөлігі қашықтан оқиды. Біз эпидемиологиялық жағдайды қадағалап отырмыз. Қазір бүкіл мектепті карантинге жаппау мәселесі талқыланып жатыр. Эпидемиологиялық жағдай жақсарса, мысалы, сыныпты, бір қабатты немесе бірнеше сыныпты карантинге жабу мәселесі нақты шешіледі", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети