14 ақпан 2019 20:08

Елордада көпбалалы аналарға "ашық есік" апталығы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: astana.gov.kz Сурет: astana.gov.kz

"Астана" концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылмайтын болды. Мұның орнына әр тұрғын мен көпбалалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын "ашық есік" апталығының аясында аудан әкімдіктеріне келе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.


"Астана" концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылмайтын болды. Мұның орнына әр тұрғын мен көпбалалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын "ашық есік" апталығының аясында аудан әкімдіктеріне келе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара 13 және 22 ақпан аралығында жүргізіледі. 

"Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігін ескере келе, қала басшылығы 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасынының орнына 7 күнге созылатын "ашық есік апталығын" өткізуді ұйғарды. Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде құзыретті мемлекеттік органдардың (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар) қатысуымен өтеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көпбалалы аналардың 6 ақпанда берген арыздардың барлығы жүйлендіріліп, талдаудан өткізілгені айтылады. Қазіргі таңда бұл өтініштер бойынша ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанынан құрылған азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды күшейтумен айналысатын Жұмыс тобының қарауында екен.

"Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қатысты мәселелер жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жолданған өтініштер бойынша кешенді шаралар екі айдың көлемінде қолға алынады деп жоспарланған", - делінген елорда сайтында.

Еске салайық, бүгінге дейін Бақыт Сұлтановтың тапсырмасы бойынша аудан әкімдіктері 7 ақпаннан бастап көпбалалы аналар мен қала тұрғындарын қабылдап жатыр. Оның барысында әр мәселе егжей-тегжейлі қаралып, оларды шешу жолдары жедел түрде қабылданып жатыр. Бұл мәселелерді одан да тиімді шешу үшін 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасының орнына аудан әкімдіктерінде "ашық есік апталығын" өткізу туралы шешім қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети