17 шілде 2022 17:07

Елордада лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары басылымға медициналық формадағы әйелдің, лифт кабинасында дәретке отырғаны түсірілген видеоны жіберді.

"Оқиға 14 шілдеде болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйге келген медицина қызметкері лифтке кіріп, 8-қабатты басып, дәрет сындырған", - дейді үй тұрғындарының бірі. 

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Видеодағы медицина қызметкері қалалық емханадағы жылжымалы бригаданың қызметкері. Алайда емхана басшылығының айтуынша, ол 15 шілдеден бері мекемеде жұмыс істемейді. Сондай-ақ, істеген ісіне өкініп, осы тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұрады. Жанжалдың шешілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети