25 маусым 2020 12:15

Елордада пневмониямен ауыратындар саны күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: iz.ru Фото: iz.ru

Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратын науқастардың саны күрт өсті. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратын науқастардың саны күрт өсті. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тәулігіне пневмониямен 600 адам дәрігерлерге барады. Ал бұрын күніне шамамен 80 адам ауруханаға барыпты.

"Күн сайын қаладағы стационарларға коронавирус жұқтырған және пневмониямен ауыратын 350-400 науқас жатқызылып жатыр. Инфекциялық және провизорлық стационарлардағы науқастардың саны 2,5 мыңға жетті. Науқастардың 91 пайызының жағдайы - орташа және ауыр. Ал 9 пайызының жағдайы - ауыр және өте ауыр", - деді Қисықова.

Ол бір аптада науқастардың саны 3 есе артқанын атап өтті.

"Жансақтау бөлімінде 103 науқас жатыр. Оның ішінде коронавирус жұқтырған 51 науқас, жасанды өкпені тыныс алдыру аппаратында 22 науқас жатыр. Өкінішке қарай, 38 адам коронавирустан қайтыс болды. Олардың 70 пайызы - 60 жастан асқан азаматтар", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 3 546 адам коронавирус жұқтырды. 2 577 науқас дертінен айықты.

Қазақстанда COVID вирусын жұқтырғандар саны 19 285-ке жетті. 11 882 науқас жазылды. 136 адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети