12 сәуір 2020 17:02

Елордада сәуірдің соңына дейін қоғамдық көліктер, мейрамханалар мен сауда орталықтары жұмыс істемейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар/кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) сәуір айының соңына дейін жабық күйінде қала береді. Қоғамдық көлік те жұмыс істемейді. Бұл туралы қалалық штаб өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Штаб өкілдері Президент тапсырмасына сәйкес карантин режимінің сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын тағы да ескертеді. 

"Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Қазіргі таңда біз осы жағдайға немқұрайлы қарап жатқан тұрғындардың бар екенін көріп отырмыз. Көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Инфекцияның таралуына және коронавирустың өршуіне жол бермеу қажет. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойлаңыз", - делінген штабтың хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети