17 мамыр 2019 13:10

Елордада Seedspace Nur-Sultan инновациялық алаңы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сұлтан Сейітов © Сұлтан Сейітов

Елордада Seedspace Nur-Sultan инновациялық алаңы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордада Seedspace Nur-Sultan инновациялық алаңы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов елордада ашылған халықаралық инновациялық платформаға қатысты пікір білдірді.

"ТМД аумағындағы алғашқы Seedspace Nur-Sultan атты халықаралық инновациялық алаңға қош келдіңіздер! Бүгінде біздің елорда - еліміздің ең жас және мегополис қаласы. Сонымен қатар, біздің астанамыз халықаралық маңызды оқиғалар өтетін хаб алаңына айналып отыр. 20 жылдың ішінде елорда барлық бағытта жоғары жылдамдықпен даму үстінде. Әсіресе астаналықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар көптеп жүзеге асырылуда. Жол картасы бағдарламасы бойынша 183 миллиард теңгенің 1142 кәсіпкерлік нысаны пайдалануға берілді. (...)", - деді Бақыт Сұлтанов Seedspace Nur-Sultan-ның ашылу салтанатында.

Әкімнің айтуынша, қаланың экономикасы тек сандық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге сапасы жағынан да өсіп келеді.

"Осы платформаның арқасында ел жастары астанадан ұзамай-ақ, халықаралық озық бизнес экожүйесіне қатысуға мүмкіндік алады. Алаңның басты бағыты - белсенді білім беру бағдарламалары және бүкіл әлем бойынша 70 мың маман мен стартаптардан тұратын Seedstars халықаралық желілерге қатысу арқылы жас дарындарды өсіру. Инноваторлар қалалық міндеттерді шешуге көмектеседі", - деді Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов: Нұр-Сұлтан Еуразиялық жаһандық хабқа айналады

Еске салайық, Seedspace Nur-Sultan - ТМД-дағы бірінші халықаралық инновациялық платформа, онда белсенді кәсіпкерлер, фрилансерлер мен цифрлы көшпенділер технологиялар мен инновациялар арқылы қоғамның өмір сүру деңгейін жақсартатын жобалар бойынша жұмыс істейді. Жоба Astana Innovations, қалалық әкімдік және BI Group компаниясы серіктестігінің негізінде жүзеге асырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети