27 қараша 2019 14:26

Елордада шетелдік нөмірмен жүрген екі мың автокөліктің иесіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда шетелдік нөмірмен жүрген екі мың автокөліктің иелеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтанда шетелдік нөмірмен жүрген екі мың автокөліктің иелеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл нөмірлермен жүрген көліктерді де "Сергек" тіркеуге алады. Шетелдік нөмірі бар көліктер тіркеуге алынбайды деген ұғым бар. Олар базада тұр. Полиция департаментімен және жеке серіктеспен осы мәліметтерді полицияға өткіземіз. "Борышкер" шарасы арқылы біз кәнігі заң бұзушыларды анықтаймыз", - деді "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Бекмырзаев ӨКҚ брифингінде. 

Бюджетке 26 миллион теңге түсті. Мұндай заңбұзушылықтарды анықтау үшін полицейлерге арнайы планшеттер берілді. Олардың көмегімен полицейлер онлайн-режимде заңбұзушыны анықтай алады. Қайда кетіп барады, қайда тұр, оны қайдан тоқтатуға болады. Сол жерде ол көлік иесіне айыппұл салып, хаттама толтыра алады", - деді Ерлан Бекмырзаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети