18 шілде 2017 19:38

Елордалық полицейлер бір тәулікте планшет арқылы 100-ден аса айыппұл рәсімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Елордалық полицейлер алғашқы тәулік ішінде жүзден аса айыппұл салды , - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Елордалық полицейлер алғашқы тәулік ішінде жүзден аса айыппұл салды , - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Астанада дүйсенбіден бастап көлік жүргізушілердің бұзушылығын рәсімдеу рәсімі жеңілдетілді, ЖПҚ қызметкерлері гаджетке жүргізушінің ИИН нөмірін енгізеді, содан кейін бұзушылық жасаған азамат жөнінде ақпарат пайда болады.  

"Жаңа технологиялар бұзушылықтарды тіркеу уақытын 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді", - деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің жағдаяттар орталығынан.

Жүйе хаттаманы онлайн режиміне шығарады, содан кейін жүргізуші электронды қолтаңба қою арқылы өзінің келісімін растайды. Кейін құжат мәліметтер базасына түседі. Жаңашылдық туралы тек полицейлер ғана емес, жүргізушілер де көптеп айтуда.

Жаңашылдықты енгізудің бірінші күні елордалық полицейлер планшет арқылы 117 бұзушылық рәсімдеген.

"Рәсім тез жасалады, уақыт үнемдейміз. Бұзушылық жасаған азаматты тіркеу үшін небары 3-5 минут кетеді. Кейбір жүргізушілер бұл жүйеге таңқалып та жатыр", - деді жергілікті полиция қызметінің қызметкері Самат Сәбит.

Естеріңізге салайық, жуырда бас прокуратура, ІІМ және Астана әкімдігі жол қозғалысын бұзғаны үшін электронды хаттамаларды рәсімдеу бойынша пилоттық жобаның іске асырылуы басталғаны жөнінде хабарлаған болатын.

Елордалық полицейлерге электронды хаттамаларды рәсімдеу үшін 50 планшет берілді.

Жыл соңына дейін полицейлерге жүздеген планшеттер берілетін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети