Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирус инфекциясын қайда жиі жұқтыратыны аталды. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирус инфекциясын қайда жиі жұқтыратыны аталды. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Вирус жұқтыру деректерінің 52,2 пайызы СОО, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану нысандары мен көңіл көтеру орындарына бару салдарынан тіркеліп отыр. 32,1 пайыз жағдайда инфекция жұқтырғандар отбасында жақын қарым-қатынаста болғандар, 15 пайызы - жұмыс орындарында. Бұл маска тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтық сақталмайтынын көрсетеді. Тіркелген жағдайлардың 0,7 пайызында науқастар үйлену тойы, жерлеу рәсімі және т.б. бұқаралық іс-шараларға қатысқанын мойындады", - деді Бейсенова брифингте.
Оның айтуынша, қазір қалада 3976 инфекция ошағы тіркелген. Оның ішінде:
- үй-жайларда - 2765;
- ұйымдастырылған - 1211.
"Жалпы вирус жұқтырғандардың 80,4 пайызы ересектер, 16,7 пайызы - балалар және 2,9 пайызы - жасөспірімдер. Науқастардың 22,7 пайызы - 30-39 жас аралығындағылар, 27,6 пайызы - 40-59 жастағылар және 16,3 пайызы - 18-29 жастағылар, 13,8 пайызы - 60 жастан асқан қарт адамдар", - деді ол.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус стационарларының ішінен видео түсіріп, адам көп жиналған реанимациялық бөлімшелерді көрсеткен болатын.
Қалада соңғы үш күнде тәулігіне мыңнан аса коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген. Кейінгі тәулікте 1549 жағдай тіркелген, оның ішінде симптоммен 1204 жағдай, симптомсыз 345 жағдай. Өсім - 1,9 пайыз.
Соңғы аптада 7989 COVID-19 дерегі тіркелген. Бұл алдыңғы апта көрсеткішімен салыстырғанда 44,23 пайызға жоғары. Орташа тәуліктік көрсеткіш 950-ден 1550-ге дейін артқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!