"Артық сөздің қажеті жоқ". Нұр-Сұлтандағы жансақтау бөлімінен видео жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұр-Сұлтандағы жансақтау бөлімінде түсірілген видео кадрлары Нұр-Сұлтандағы жансақтау бөлімінде түсірілген видео кадрлары

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус стационарларының ішінен видео түсіріп, адам көп жиналған реанимациялық бөлімшелерді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус стационарларының ішінен видео түсіріп, адам көп жиналған реанимациялық бөлімшелерді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл төсектерде сіздің туыстарыңыз немесе өзіңіз болуыңыз мүмкін. Ауру өте ауыр және өкінішке қарай жасарып барады. Біздің барлық қызметкер 24 сағат бойында пациенттердің өмірі үшін күреседі. Видеоны бұл сөзіміз қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін көрсетемін", - дейді видео авторы.

Басқарманың Instagram желісінде жарияланған видеосына "Артық сөздің қажеті жоқ" деген сипаттама жазылған. Кадрларда елордалық ауруханалардың бірінде жатқан пациенттер көрсетілген. Бос төсек жоқ. Мұндай медициналық мекемелерде тек коронавирус жұқтырған науқастар бар. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл кадрларда №1 Көпбейінді қалалық аурухана мен №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасындағы жағдай түсірілген.

"Біз жұқпалы аурулар ауруханасына айналғаннан бері барлық реанимация толығымен аяқталды. Ауыр науқастар көп, күн сайын қайтыс болып жатқан адам көп. Балалар ауыра бастады. Әрқайсыңыз өз денсаулығыңызға жауапкершілік алыңыз", - деді дәрігер астаналықтарға.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Astana (@tengri.astana)

Айта кетейік, №1 Көпбейінді қалалық аурухана 9 шілдеден бастап коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап жатыр. Бұл үшін медициналық мекемеде 600 төсек-орын бар. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы №2 Көпбейінді қалалық аурухана пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатты.

Бұдан басқа, 230 төсектік қалалық психикалық денсаулық орталығы және Қорғаныс министрлігінің 90 төсектік Бас әскери клиникалық госпиталі жұқпалы аурулар ауруханасына айналды.

Кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтанда 978 адамнан корнавирус анықталғанын жазғанбыз. 2021 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 486 677 адам, 2-ші компонентін 2 490 517 адам салдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer