05 қараша 2020 10:02

Елордалықтарға көше мен жол желісі бойындағы автотұрақтарға төлем жасаудың қажеті жоқ - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Марат Есеркепов "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің автотұрақтарына төлем жасауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы Марат Есеркепов "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің автотұрақтарына төлем жасауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есеркеповтің айтуынша, елорда тұрғындары үшін "Нұржол" бульварынан басқа, қалалық көше мен жол желісі бойында орнатылған "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің автотұрақтары үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.

"Сіздерге "Парковочное пространство Астаны" ұйымының паркоматтары жұмыс істемеуі керек екенін хабарлаймыз. Олар ресми рұқсат алмаған. Азаматтарға Нұржол бульварын қоспағанда, бұл орындарға ақы төлеудің қажеті жоқ.

Паркоматтарды пайдалануға рұқсат алынбағандықтан, қалалық бюджетке қаражат түспеген, ал іс жүзінде адамдар серіктестіктің рұқсат етілмеген паркоматтарына ақша төлеген кезде, ақша серіктестіктің өзіне аударылған.

Қазіргі уақытта біз мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін күтіп отырмыз, жауап алғаннан кейін төлем қарастырылмаған тұрақ орындары үшін алынған қаражатты қайтару механизмі туралы қосымша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - дейді ол.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтан әкімдігі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны және талаптарды елемегені үшін сотқа "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы арыз берген болатын. Жабдықты бөлшектеу қажеттілігі туралы серіктестікке бірнеше рет хабарлама жіберілді, өтініштер еленбеген еді.

"Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің бірнеше ережебұзушылығы мен тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаны кеңейтуді тоқтата тұру туралы шешім шығарып, келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети