24 тамыз 2020 15:45

Елорданың "Артем" және "Big Шанхай" базарларында карантин тәртібінің бұзылғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың "Артем" және "Big Шанхай" базарларында карантин тәртібінің бұзылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елорданың "Артем" және "Big Шанхай" базарларында карантин тәртібінің бұзылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары біртіндеп алынғаннан кейін, ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизнес нысандары қызметін қайта бастады.

Апта ішінде әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен құралған елордалық мониторинг тобы кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша рейдтер өткізді.

Сенбі күні полиция қызметкерлерінен және Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен тұратын мобильді топ базарларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалады.

Мониторинг барысында "Артем" және "Big Шанхай" базарларында әлеуметтік қашықтық пен маска тағу тәртібін бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ барлық бөлімдер мен бутиктерде санитайзерлер мен термометрия орнатылмаған. Кейбір бутиктерде әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік жасалмаған.

Анықталған бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының 425 бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Жалпы алғанда, 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 863 бұзушылық анықталды. Оның 236-сы жеке тұлғалармен, 627-і кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған. Барлық жиналған материалдар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті шешім шығарады.

Барлық қоғамдық орындарда адамдар қашықтық сақтап, маска тағып, санитайзер қолдануы керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети