Елтаңбаны қоқыстан тауып алып, үйіне іліп қойған қазақстандық шын мәнінде не үшін жазаланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елтаңбаны қоқыстан тауып алып, үйіне іліп қойған қазақстандық шын мәнінде не үшін жазаланды? Фото: Жетісу облысының ПД

Жетісу облыстық полиция департаменті бұған дейін қоқыс тастайтын жерден мемлекеттік Елтаңба тауып алған Жансүгіров ауылының тұрғыны Данияр Бейісқалиге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облыстық полиция департаменті бұған дейін қоқыс тастайтын жерден мемлекеттік Елтаңба тауып алған Жансүгіров ауылының тұрғыны Данияр Бейісқалиге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының 37 жастағы тұрғыны 2022 жылы қоқыс тастайтын жерден мемлекеттік Елтаңба макетін тауып алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ауыл тұрғыны оны қалпына келтіріп, үйіне іліп қойған. Төрт жылдан кейін ол жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

"Тауып алған затым туралы бұған дейін аудандық әкімдікке хабарлағанмын, олар тексеру жүргізуге уәде берген. Бірақ кінәлі адам табылмады. Мен макетті билікке тапсырып, оның жойылу процесін телефонға түсіріп алуды сұрамақ болдым. Ақыр соңында бәрі ұмытылып кетті", - деді Данияр Бейісқали Елтаңбаның үйінде ілулі тұра бергенін айтып.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Бейісқали Данияр Серікұлының (@aksu_shagimi) жарияланымы


Нәтижесінде Данияр Бейсқали ӘҚБтК-нің 458-бабы бойынша жазаланып, оған 50 АЕК мөлшерінде, яғни 216 250 теңге айыппұл салынды. Оның іс-әрекетінен мемлекеттік рәміздерді нысаналы мақсатынан тыс пайдалануға қатысты заңбұзушылық анықталған.

Бұл шешім желіде үлкен резонанс тудырды: қолданушылар мемлекеттік рәмізді қоқыстан тауып алып, оны ретке келтірген адамның не үшін айыппұл арқалағанына таңғалды. Бұл оқиға әлеуметтік желіден шығып, бүгін Мәжіліс кулуарында талқыланды, онда бұл сұрақ ІІМ басшысының орынбасарына қойылды. Санжар Әділов Данияр Бейсқалидің сот шешімімен әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты.

Кейін Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме беріп, табылған Елтаңба төңірегіндегі барлық ақпарат қате беріліп жатқанын және жұртшылықты адастыратынын атап өтті. Ведомство ер адам мемлекеттік рәмізді тауып алу фактісі үшін жазаланбағаны - бұл заңбұзушылық емес екенін түсіндірді. Жауапқа тартуға басқа жағдай негіз болған.

"Мемлекеттік рәміз табылғаннан кейін азаматтың оған құрметсіздік білдіретін әрекеттерге, соның ішінде әдепсіз кейіпте суретке түсіп, нышанды бұрмалап пайдалану элементтері бар бейнелерді жариялауға жол бергені анықталды. Уәкілетті органның ұсынысы бойынша аталған іс-әрекеттерге құқықтық баға берілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бұл әрекеттер мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік таныту, атап айтқанда оны пайдалану тәртібін бұзу ретінде сараланады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады", - деп хабарлады Жетісу облысының полициясы сол Елтаңба бейнеленген суретті ұсына отырып.

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінің фотосы

Аталған факті бойынша бұл азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Өңірлік полиция өздерінің заң аясында әрекет ететінін мәлімдеп, тек тексерілген және ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Елтаңбаны қоқыстан тауып алып, үйіне іліп қойған қазақстандық жазаланды

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер