Ең жас депутат Мәди Ахметов қазақстандықтардың сынына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жеке мұрағаттан алынған сурет Жеке мұрағаттан алынған сурет

Алматылық 25 жастағы Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты болды. Бірақ әлеуметтік желілерде қазақстандықтар оның тым жас екенін айтып, сынға алып жатыр. Депутат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтардың сынына жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық 25 жастағы Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты болды. Бірақ әлеуметтік желілерде қазақстандықтар оның тым жас екенін айтып, сынға алып жатыр. Депутат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтардың сынына жауап берді.

"Сол жиналыста залда жастар тобы отырды, алматылық жастар да, жасотандықтар да болды. Мен олардың атынан сөйледім. Сол кезде мен "Жас Отанның" төрағасы қызметінде болған едім. Сондықтан бұл маған осы жастардың атынан сөйлеуге мүмкіндік береді. Мені бүкіл Қазақстан атынан сөйледі дегені тым асыра айтылған", - дейді Ахметов.

Осы ретте жас депутат оған осы қызметке келуге біреудің көмектескені туралы пікірге жауап берді.

Кім Мәжіліс депутаты болады - толық тізім

"Мен ол жаққа қандай да бір бизнес-жобалар немесе қандай да бір заңды алға тартып, оны дамыту үшін бармаймын. Мені ағашка немесе көкешка қолдамайды. Бұл зор жауапкершілік. Мен ол үшін бар білімім мен күшімді саламын.

Nur Otan партиясында мен ең жас депутатпын, бірақ менің 30 жасқа дейінгі әріптестерім бар. Мысалы, Ернұр Бейсенбаев, Вера Ким және басқалар. Біз бір-бірімізді қолдаймыз деп үміттенемін. Стереотипті өзгерту керек. Содан кейін біз "жастарға жол" дейміз, ал жастар келгенде "ол тым жас" деп бастаймыз", - дейді депутат.

Мәди Ахметов жаңа лауазымда қазақстандық жастардың мәселелерімен айналысуды жоспарлап отыр екен.

Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика факультеті бойынша аяқтаған. Мәжіліс депутаты лауазымына тағайындалғанға дейін ерікті болған, "Жас Отан" Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer