13 мамырдағы жағдай бойынша, 2,7 миллионнан аса қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
13 мамырдағы жағдай бойынша, 2,7 миллионнан аса қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, осы бағытта жұмыс әлі де жұмыс жалғасып жатыр. Төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін.
16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады. 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға мүмкіндігі бар.
42 500: Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемді екінші рет кімдер алатынын түсіндірді
Еңбек министрлігі төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-ден бастап 42 500 теңге төлемін тағайындауға жаңа өтініштерді қабылдау аяқталғанын айтады.
"Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді", - делінген хабарламада.
Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады. Ал жалпы 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алған.
42 500: Қосымша сұрақтар бойынша қайда жүгінуге болады?
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде COVID-19 вирусы жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Кейін 11 мамырға дейін ұзартты. Осыған байланысты індетпен күрес үшін құрылған арнайы мемлекеттік комиссия жұмыссыз қалған және бұған дейін жұмыссыз болып келген азаматтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлемақы тағайындаған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!