07 мамыр 2020 09:52

42 500: Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемді екінші рет кімдер алатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан екінші рет төлемді кімдер алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан екінші рет төлемді кімдер алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан екінші төлемге оны тағайындауға ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар үміткер бола алады", - делінген хабарламада. 

Зейнеткерлер мен студенттерге және АӘК алатындарға 42 500 теңге беріле ме?

Еңбек министрлігіт төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынатынын айтты. 

"Төтенше жағдай режимі ағымдағы жылғы 16 наурызда енгізілді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынатынын айтты. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде COVID-19 вирусы жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Кейін 11 мамырға дейін ұзартты. Осыған байланысты індетпен күрес үшін құрылған арнайы мемлекеттік комиссия жұмыссыз қалған және бұған дейін жұмыссыз болып келген азаматтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлемақы тағайындаған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети