07 мамыр 2020 16:44

42 500 теңге қанша қазақстандыққа екінші рет берілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 7 мамырдағы жағдай бойынша қанша қазақстандыққа 42 500 теңге екінші рет берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап. 


Еңбек және халықты халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 7 мамырдағы жағдай бойынша қанша қазақстандыққа 42 500 теңге екінші рет берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік сайтына сілтеме жасап. 

"7 мамырдағы жағдай бойынша, 2,1 миллион қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші рет төлем алды", - делінген хабарламада. 

Министрлік мәліметінше, осы бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетейік, еңбек министрлігі әлеуметтік төлемді екінші рет кімдер алатынын түсіндірген болатын. 

"Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады", - делінген 

42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде COVID-19 вирусы жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Кейін 11 мамырға дейін ұзартты. Осыған байланысты індетпен күрес үшін құрылған арнайы мемлекеттік комиссия жұмыссыз қалған және бұған дейін жұмыссыз болып келген азаматтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлемақы тағайындаған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети