17 ақпан 2022 14:24

Енді мектептерде "өзін-өзі тану" міндетті пән болмайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде "Өзін-өзі тану" пәнін таңдау пәніне айналдыру жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде "Өзін-өзі тану" пәнін таңдау пәніне айналдыру жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, оларға бұл пәнді мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы ұсыныстар түскен.

"Қазір Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім академиясы келесі оқу жылынан бастап мектепте оқуға міндетті осы міндетті пәнді факультатив санатына көшіру жобасын ұсынды. Яғни, қыркүйек айынан бастап "Өзін-өзі тану" бұрынғыдай 1-11 сыныптар арасында емес, тек бір сыныпта ғана оқытылатын болады", - делінген хабарламада.

Пәнді факультативтер тізбесіне көшіруді оқу бағдарламаларын жаңарту және мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту шаралары аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети