17 қараша 2014 13:24

Энергетикалық сусындарға заңмен тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда энергетикалық сусындарға тыйым салу заңдастырылуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мамандары айтты.


Қазақстанда энергетикалық сусындарға тыйым салу заңдастырылуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мамандары айтты.

"Инфекциялық емес ауруларға қарсы күрестегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесі ауруларын азайтудың бірден-бір жолы - энергетикалық сусындарды тұтынуды шектеу. Бұл орайда Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті елде энергетикалық сусындар айналымына тыйымды енгізудің дұрыстығын қарастырады", - делінген хабарламада. 

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен елімізде орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен өтетін мәдени-бұқаралық шаралар орындарында сергітетін компоненттері бар сусындарды сатуға тыйым салынған. "Бірақ бұл шара жеткіліксіз, елімізде энергетикалық тониктерді сату мен қолдануды реттейтін заңнаманы күшейту қажет", - дейді ведомство өкілдері. 

Комитеттің мәліметінше, бүгінде еліміздегі жастар арасында энергетикалық сусындарды қолдану кең етек алып барады, ал мұндай сусындар адам ағзасына кері әсер етіп, тәуелділікті туғызады. "Шетел ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, айына алты және одан да көп бөтелке "энергетик" ішетін жасөспірімдер үш есе көп темекі шегетін, есірткі заттарын қолданатын және төбелестерге қатысатын болып шықты", - делінген Тengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарылған жауапта. 

"Жүргізушілер, әсіресе, алыс сапар шегетіндер арасында энергетикалық сусындар жолда адамды сергек етіп, ұйықтатпайды деген қате пікір бар. Шындығында, сергітетін сусын ішкен адам жақсы көңіл-күй мен белсенділікке уақытша ғана қол жеткізеді, оның үстіне ағзадан энергияның ішкі қоры сарқылады, біршама уақыттан соң депрессия, ұйқышылдық басталып, адам демалғысы келеді. Ақыр соңында жүргізушілердің мұндай жағдайы жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. "Энергетиктерді" алкогольмен араластырып ішу алкогольдің өзіне қарағанда қауіптірек, өйткені энергосусындардағы кофеин алкогольдің миға әсерін күшейтеді. Оның үстіне, энергетик пен алкогольдің араласуы ағзаның құрғауына соқтырып, өліммен де аяқталуы мүмкін", - деп ескертеді ведомство өкілдері. 

Комитет өкілдері энергетикалық сусындардың қарттар мен 12 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және емшектегі баласы бар әйелдерге, жүрек-қан тамырлары, қан қысымы ауруымен ауыратындарға, ұйқысы бұзылған және кофеинге сезімтал адамдарға зиянды екенін хабарлайды. Психотроп препараттарды қолданатын адамдарға "энергетиктерді" ішуге болмайды. 

"Сол себепті дамыған елдердің көбі сусындардың бұл түріне толық тыйым салып немесе оларды қолдануды айтарлықтай шектеп отыр. АҚШ-ың кейбір өңірлерінде алкоголі мен кофеині бар энергетикалық сусындар саудадан алынды. Франция, Дания, Норвегия елдерінде энергетикалық сусындарға ресми түрде тыйым салынды, олар дәрі ретінде дәріханаларда ғана сатылады. Ұлыбританияда кез келген энергетикалық сусынның жүкті әйелдер мен балаларға зиянды екені ресми түрде ескертіледі", - делінген комитеттің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети