14 шілде 2021 09:32

ЕО-ның Беларуське қарсы санкцияларына 5 ел қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕО-ның Беларуське қарсы санкцияларына тағы бес ел қосылды. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозеп Боррельдің мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.


ЕО-ның Беларуське қарсы санкцияларына тағы бес ел қосылды. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозеп Боррельдің мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ЕО 25 маусымда "Беларусьтегі адам құқықтарының өрескел бұзылуының өршуіне, азаматтық қоғамды, демократиялық оппозиция мен журналистерді агрессивті қудалауға, сондай-ақ 2021 жылы 23 мамырда Минскіде Ryanair ұшағын мәжбүрлі қондыруға жауап ретінде" ресми түрде жаңа шектеу шараларын енгізді. 

Шектеулер бойынша Беларуське байланыс және қос мақсаттағы тауарларды бақылау үшін қажет технологияларды экспорттауға тыйым салынады. Сондай-ақ, республикамен мұнай өнімдерін, калий тыңайтқыштарын, темекі және темекі өнімдерін өндіруге арналған шикізат пен жабдықтарды сату шектеледі. Бұдан басқа, Беларуське Еуроодақтың қаржы нарықтарына кіруге шектеулер болады. 

"ЕО-ға кіруге кандидат елдер: Солтүстік Македония, Черногория және Албания, сондай-ақ Исландия мен Норвегия Еуропалық Одақтың шешіміне қосылды. Еуропалық одақ мұны құптайды", - делінген Боррель мәлімдемесінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети