1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Эпидемиология мектебінің негізін қалаушы Сәкен Әміреев қайтыс болды 08 қыркүйек 2021, 11:18

Қазақстандағы эпидемиология және вакцинация мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Әміреев қайтыс болды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:kaznmu.kz Фото:kaznmu.kz

Қазақстандағы эпидемиология және вакцинация мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Әміреев қайтыс болды. Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Сәкен Әміреұлының туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Cәкен Әміреев 1940 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы Қабанбай (бұрынғы Андреев) ауданы Мұқай ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Екпінді орта мектебін тәмамдады. 1958-1964 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында оқып дәрігер-эпидемиолог маманы атағын алды.1964 жылы КССР Денсаулық сақтау министрлігінің микробиология-эпидемиология және гигиена ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданған. 1970 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атағын қорғады.

Профессор Сәкен Әміреевтің бруцеллез проблемаларының әртүрлі салалары бойынша 2 монографиясы, 4 ғылыми жинақтары, 6 томды ғылыми-әдебиеттерге шолулары жарық көрді, 5 докторлық, 12 кандидаттық диссертация қорғаған (ғылыми-жетекші, ғылыми-кеңесші болды). Айта кетейік, ол пандемия басталған алғашқы күндерден коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram