Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мейраммен құттықтай отырып, әйелдер мен үкіметтің қанша ақша жұмсайтынын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мейраммен құттықтай отырып, әйелдер мен үкіметтің қанша ақша жұмсайтынын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ер адамға үкімет пен әйелі ақшаны қалай жұмсайтыны ұнамайды. Бірақ олардың тек үкіметті сынауға батылы жетеді", - деп әзілдеді Назарбаев Қазақстанның әйелдер қоғамы өкілдерімен кездесу барысында.
Президент әйелдердің ерлерге қарағанда ақылдырақ әрі икемді екенін айтып өтті.
"Басшылық лауазымда әйелдер неліктен аз? Себебі ер адамдар олардың орнына әйел адам келсе, жұмысты одан да жақсы атқара алатынын біледі. Сондықтан оған жол бермеуге тырысады", - деді Мемлекет басшысы.
Назарбаев: Әлемді ана мейірімі сақтап тұр
Сондай-ақ, Назарбаев әйелдердің үнемі өздеріне күтім жасап, үй шаруасына да қарайтынын айтты.
Айта кетейік, Халықаралық әйелдер күні мерекесінің алдында Ақордада Елбасы Қазақстандағы "Көктем шуағы" әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесіп жатыр.