07 наурыз 2019 12:22

Назарбаев: Әлемді ана мейірімі сақтап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Әйелдерді алдағы 8 наурыз мерекесімен құттықтаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы көпбалалы аналардың рөліне баса назар аударды. Оның айтуынша, мұндай аналар жауапкершілік деңгейі бойынша бірнеше әуе диспетчерімен бірдей болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әйелдерді алдағы 8 наурыз мерекесімен құттықтаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы көпбалалы аналардың рөліне баса назар аударды. Оның айтуынша, мұндай аналар жауапкершілік деңгейі бойынша бірнеше әуе диспетчерімен бірдей болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта есеппен бізде бір отбасыда үш баладан бар, ал бір жылда Қазақстанда 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Балалар - қашан да байлық, бүкіл отбасының мақтанышы ғана емес, ел үшін құнды капитал. Сондықтан аналарымызға, әсіресе, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіп, алғыс айтуымыз керек. Бұл зор еңбек. Олар бүтін бір халықтың игілігін арттыру арқылы ана ерлігін жасап жатыр", - деді Президент.

"Көпбалалы аналарға берілген жүк аспандағы ұшақтарды басқаратын бірнеше әуе диспетчерлерімен бірдей екен. Ал психологиялық тұрғыда одан да ауыр шығар. Ана болу - өмір бойына жалғасатын қызмет, оны алмастыру мүмкін емес. Әлемді ана мейірімі ұстап тұр", - деді Назарбаев.

Ол ауылдан үлкен қалаларға көшіп келіп, уақытша сарайларда тұрудың қауіпті екенін айтты.

"Ауыл - ел бесігі" деген жоба бар, ол тұрғындарды ауылда қалдыруға арналған. Бәрі қалаға барады, не үйі, не жұмысы жоқ. Қаланың шетінде тұрып жатады, ал ондай жерлерде неше түрлі нәрсе болады. Шағын сарайларды, саяжайларды жалға алады. Әрине, оларды жылытқысы келеді, бірақ біздегі аязбен жырығы көп сарайды қалай жылытасың?", - дейді Елбасы.

Сондай-ақ, Назарбаев Қазақстанда ажырасып кеткен отбасылардың көптігіне де тоқталды.

"Отбасылардың 20 пайызы аз уақытта ажырасып кететіндеріне қарап өкінемін. Жастардың ойланбай жасаған істері мен ата-аналардың ықпалы осыған әкеледі. Бұл өмір тауқыметі, әрине. Соны жөндеуге тырысуымыз қажет", - деді ол.

Халықаралық әйелдер күні мерекесінің алдында Ақордада Елбасы Қазақстандағы "Көктем шуағы" әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети