27 қыркүйек 2023 14:47

"Ер адамның басын жарды": Алматы полициясы айыптауға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қазнетте ер адамның жерде жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Оның айналасында полиция қызметкерлері мен тұрғындар қоршап тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнетте ер адамның жерде жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Оның айналасында полиция қызметкерлері мен тұрғындар қоршап тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда әйел учаскелік полиция қызметкері ер адамды ұрып-соққанын айтады. Кадр сыртындағы дауыс, ер адам полицейлерге бағынбағанын айтады.

"Алмалы аудандық полиция қызметкері оны себепсіз ұрып-соқты. Серік, сен не істедің, ол өліп бара жатыр! Серік басын жарды, не үшін, тек сауда жасағаны үшін бе? Біздің учаскелік полиция қызметкері бағынбағаны үшін оның басын жарды!" – деп айқайлайды әйел.

Алматы ПД баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді. Құқық қорғау органдары полиция ер адамды ұрмағанын хабарлады.

"Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Розыбакиев көшесі мен Төле би даңғылы қиылысына жақын орналасқан үй тұрғындарының көптеген арыз-шағымдары бойынша тұрақты түрде стихиялық сауда фактілерін анықтауға және қаланы абаттандыру ережелеріне кері әсерін тигізетін жедел-алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Кезекті тексеріс кезінде азамат Ж. анықталды,ол алкогольдік масаң күйде бола тұрып, аяғынан тұра алмай құлап кеткен. Оның мастығы медициналық сараптамамен расталған. Оған дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - деді полициядағылар.

Ол ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы ("Қоғамдық орындарда алаяқтық") талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Осылайша, полицейдің ер адамға дене жарақатын салғаны туралы ақпарат жалған және қоғамды қасақана жаңылыстыру болып табылады", - деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.25   490.7   5.43 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети