20 ақпан 2021 12:30

ER-BATYR жобасында Асхат Нұрмашев: Қайырымдылық, қиындық пен нағыз ер адамдар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында қорының философиясы және неліктен адамдар мұқтаж болатыны, балалық шағы мен анасымен қарым-қатынасы, сондай-ақ, ер адамға өмірлік басымдықтарды дұрыс құру маңыздылығы туралы әңгімелеседі. 


ER-BATYR жобасында - Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында қорының философиясы және неліктен адамдар мұқтаж болатыны, балалық шағы мен анасымен қарым-қатынасы, сондай-ақ, ер адамға өмірлік басымдықтарды дұрыс құру маңыздылығы туралы әңгімелеседі. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети