1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ER-BATYR жобасында Ninety Onе продюсері: Той, жастар мәселесі мен үміті туралы 10 сәуір 2021, 12:30

ER-BATYR - актер, ORDA тобының солисі, клипмейкер және Ninety Onе Q-pop тобының продюсері Ерболат Беделхан. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

ER-BATYR - актер, ORDA тобының солисі, клипмейкер және Ninety Onе Q-pop тобының продюсері Ерболат Беделхан. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында Қазақстандағы той индустрияға деген көзқарасы, жастар арасындағы мәселе мен рухани даму құндылықтары, сондай-ақ отбасы, арманы мен болашаққа деген үміті туралы айтып береді. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашеd, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!