13 қазан 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Санжар Мәди: махаббат, бүлік және қателесу құқығы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал актер Санжар Мәди. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен өмір философиясы, мотивацияның маңызы, бүлікшіл мінезі, сондай-ақ жұбайына үнемі ғашық болуы және әр адамның қателесу құқығы туралы әңгімелеседі. 


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - танымал актер Санжар Мәди. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен өмір философиясы, мотивацияның маңызы, бүлікшіл мінезі, сондай-ақ жұбайына үнемі ғашық болуы және әр адамның қателесу құқығы туралы әңгімелеседі. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ актер Тәуекел Мүсілім, қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер, Bilim Media Group электрондық білім беру компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Рауан Кенжехан және "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети