18 қазан 2016 | 11:22

Ерасыл Әубәкіров ісі: Мәйітті көліктің жүксалғышында қала сыртына апару дерегі бойынша іс сотқа жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Көліктің жүксалғышынан табылған Ерасыл Әубәкіровтің денесіне қатысты дерек сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін Аян Мейірбаевтың адвокаттары қаза тапқан студенттің денесін қала сыртына апарғандарды полицейлердің іздеп жатқанын хабарлаған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Көліктің жүксалғышынан табылған Ерасыл Әубәкіровтің денесіне қатысты дерек сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін Аян Мейірбаевтың адвокаттары қаза тапқан студенттің денесін қала сыртына апарғандарды полицейлердің іздеп жатқанын хабарлаған болатын.

"Прокурордың сотқа дейін жүргізген тергеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, бұл іс сотқа жіберілді", - делінген ҚР ІІМ өкілдерінің редакция жіберген сауалнамаға берген жауабында.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына қатысты мәліметтердің жарияланбайтыны айтылады.

"Ол мәліметтер тек прокурордың рұқсатымен айтылады. Егер де ол мәліметтер тергеу жұмыстарына кедергі келтірмесе, қандай да құқық бұзушылық деректері болмаса және басқа да адамдардың мүддесіне қайшы келмеген жағдайда ғана мәліметтер айтылады", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Аян Мейірбаевтың адвокаты Желіде тарап кеткен атышулы видеоны түсіндірген болатын. "Әрине, осы видеоға байланысты жұртшылық алаңдады. Аян Мейірбаев адам өлтірді деген пікірлер көп болды. Менің айтқым келетіні, Мейірбаевтың бұл қылмысқа ешқандай да қатысы жоқ. Бұл соталды тергеу барысында анықталды. Ол жәбірленуші болып танылды және жәбірленуші ретінде жауап берді", - деді адвокат Аян Мейірбаевтың үш ай бойы қамауда болғанын атап өтіп. 

Бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды.

Ал 12 қазанда осы атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Оған сәйкес, Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды. Cондай-ақ, сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі емес екенінің дәлелі келтірілді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі үкім оқылғаннан кейін айтып берді. 

Айта кетейік, бұл істе бастапқыда Аян Мейірбаев күдікті болған еді. Оған қатысты қудалау қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған еді. Ол тергеу изоляторынан босап шықты.  

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети