Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс: Адвокатқа істің аудио және видеоматериалдары берілетін болды

26 Шілде 2016, 10:42
0
Ерасыл Әубәкіров © Instagram
Ерасыл Әубәкіров © Instagram

Елордалық 23 жастағы студент Ерасын Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың мүддесін қорғайтын адвокат Ерлан Ғазымжанов істің аудио және видеоматериалдарын алатын болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеушінің іс материалдарының көшірмесін беруден бас тартуы жайлы әрекетінің заңсыз екендігі хабарланды, осыған байланысты шағымды қанағаттандыру туралы шешім қабылданыпты", - деп хабарлады Ғазымжанов. Еске салайық, адвокат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тергеушілердің Әжімбайдың туыстарына тергеу әрекеттерінің аудиолары мен видеоматериалдарын бермей отырғанын айтқан еді.

"Заң бойынша олар аудио және видеоматериалдарды беруге міндетті, себебі айыпталушы тарап қалаған уақытында оны зерттеп, қарап немесе сараптамаға жібере алуы тиіс. Бүгін Нұрбектің анасы тергеушіге қорғаушы ретінде осы көшірмелерді беруін сұрап, өтініш жазды. ҚПК-нің 120-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігі бойынша. Яғни бұл көшірмелерді барлық алдын ала тергеу органдарында қорғаушыларға береді. Бірақ осы істе бұл көшірмелерді бермей отыр. Бұл сот процесіне дайындалуға кедергі. Ал бұл материалдар Әжімбайға қарсы айыптаулардың негізі ғой. Сонымен қатар Мейірбаев Аянға қатысты істің тоқтатылуының негізі де осы материалдар. Сондықтан бұл материалдарды алу маңызды. Бүгінде Бегалин деген процесстік прокурор бар, оған осы көшірмелерді бермей отыр деп шағым түсті. Алайда Бегалин құқықтарды қорғап, заңдылықты сақтаудың орнына іс материалдарымен танысудың кестесін бекітіп, айыпталушы тараптың жағдайын нашарлатып тастады. Ал заң бойынша айыпталушы тарап іс материалдарымен танысуға қанша уақыт аламын десе де өзі біледі, ал прокурор қасақана уақытты созған жағдайда ғана кесте бекіте алады, істі қараса да, қарамаса да, уақыт бітеді. Іс сотқа жіберіледі. Прокурор көшірмелерді беру туралы шешім шығарудың орнына Әжімбайдың жағдайын қиындатып отыр. Енді біз түсірген шағымның мәні болмай қалды. Меніңше, айтқым келетіні, Әжімбайға бұл істе сот отырысына жақсылап дайындалуға мүмкіндік бермеу", - деп мәлімдеген еді адвокат. 

Еске салайық, биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай. Шілде айының соңында негізгі күдіктілердің бірі саналған Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны белгілі болды. Ол бостандыққа шықты. Қалған үш күдіктіге қатысты 10 тамызға дейін қамау мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылды. Шілде айының басында осы іс бойынша тергеу аяқталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай