Ердоған Қазақстанға сапары алдында Тоқаевқа сәлем жолдады

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Қазақстанға сапары алдында Тоқаевқа сәлем жолдады Ақорда баспасөз қызметі

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға сапары алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін білдірді. Бұл туралы Ақордада өткен кездесуде Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға сапары алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін білдірді. Бұл туралы Ақордада өткен кездесуде Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Йылмаз президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитіне ерекше мән беріп отырғанын мәлімдеді.

"Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында жаңа ғана премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен бірге үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 14-отырысын өткіздік. Оның қорытындысы бойынша түрлі саладағы нақты шараларды іске асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Бұл құжат алдағы кезеңге арналған сауда-экономикалық ықпалдастығымыздың жол картасына айналады", – деді Түркия вице-президенті.

Джевдет Йылмаз жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы осы тарихи сәтте бауырлас түрік халқының қолдауын сезінгенін, Түркиядан келген байқаушылар референдумға ерекше атсалысқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.07   556.89   6.3 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер