03 қараша 2023 16:09

Ердоған түркі елдерінің бірыңғай әліпбиін құруды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі елдері үшін бірыңғай әліпби жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі елдері үшін бірыңғай әліпби жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Түркия басшысы Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.

"Біз тіліміз, мәдениетіміз бен тарихымызға негізделген адами қарым-қатынасымызды арттыру үшін жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салып жатырмыз. Әрине, бірлігімізді нығайту үшін тілдің маңызы зор. Бірыңғай әліпби де маңызды құрамдас бөлік және бұл жерде президенттердің қолдауы маңызды. Жоғары білім кеңесі ұйымымыздың хатшылығына ұсынған ұсынысты біздің ұйым қарастыратынына сенімдімін", - деді Ердоған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети