Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85

Ержан Қазыханов Ұлыбританиядағы елші болып тағайындалды

17 Қыркүйек 2014, 13:38
0
Ержан Қазыханов. ©tengrinews.kz
Ержан Қазыханов. ©tengrinews.kz

Ержан Қазыханов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы жарлығының мәтінінде "Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген. 

Осы жарлықпен Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Сағиұлы Тәжиев Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ұлыбритания елшісі қызметіне тағайындалғанға дейін Ержан Қазыханов ҚР Президентінің көмекшісі болды. Оған дейін дипломат ҚР Сыртқы істер министрлігін басқарды (2011 жылдың 11 сәуірінен 2012 жылдың 28 қыркүйегіне дейін).

  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай