20 наурыз 2014 13:03

Ержан Өтембаев сот үкімін қайта қарауға арызданған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарасай аудандық соты. Фото Дмитрий Хегай Қарасай аудандық соты. Фото Дмитрий Хегай

Ержан Өтембаев Алматы облыстық сотының оны 13 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімін қайта қарауға арызданған жоқ. Еске саламыз Өтембаевтың қылмысын өтеу мерзімі бұған дейін 7 жылға қысқартылған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Шығарылған үкімге қатысты Ержан Өтембаевтан, оның қорғаушысынан және жәбірленушілер жақтан қайта қарауға байланысты арыз-шағым келіп түскен жоқ", - деді Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысы Меруерт Қамбарова. Еске саламыз, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының экс-жетекшісі 2006 жылы 20 жылға сотталған еді. Ол уақытта Ержан Өтембаевты Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші ретінде айыпталған. 2013 жылы желтоқсанда ҚР Бас прокуратурасы сол іске қатысты басқа да деректердің көзін ашып, кісі өлтіргені үшін қамауда отырған Рустам Ибрагимов нақ тапсырыс берушілердің есімін атаған болатын. Оның сөзіне қарағанда, кісі өлтіруге тапсырысты Рахат Алиев пен Әлнұр Мұсаев берген. Осы деректердің беті ашылғаннан кейін сот Өтембаевтың жазасын өтеу мерзімін 20-данн 13 жылға дейін қысқартқан еді. Рустам Ибрагимов сот отырысында істі бастан-аяқ Мұсаев қадағалап отырғанын, ал Ержан Өтембаев бұл істе жай ғана жапа шегуші болып қалғанын айтқан. Анықталғанындай бастапқыда ол Ибрагимовтан Сәрсенбаевты ұрып беруін өтініп, ірі көлемде ақша да бергенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети