Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды

02 Тамыз 2018, 12:52
0
Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды -

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Соттың шешімімен Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленетін болды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Еске сала кетейік, "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының мүшелері 2016 жылдың желтоқсанында ұсталған болатын. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасардың аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.

Осы атышулы іс бойынша бірінші сот отырысы 5 желтоқсанда өткен болатын. Сот алдында 26 адам келді, оның ішінде Ақтөбе қалалық ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов бар.

Соттың мәліметінше, сотталушылардың басым бөлігі осыған дейін сотты болған. Үйленген, кәмелетке толмаған 2-5 баласы бар.

Басты айыпталушы - Еркін Ізбасар мен оның басты серіктесі Аухат Қалиев. Олар өздерінің кінәсін мойындамаған болатын. Еркін Ізбасар 10 бап бойынша айыпталған еді.

"Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар жайлы не білеміз?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай