15 ақпан 2022 10:15

Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ерлан Қошанов Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар палата вице-спикері Павел Казанцев ұсынған Мәжіліс cпикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Фракция жетекшісі Ерлан Қошанов депутаттарға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдіріп, 2022 жылы 28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде ел Президенті, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру аясында фракция жұмысының басымдықтарын белгіледі.

Ерлан Қошанов фракция Президент реформаларын жүргізу үшін партияның тиімділігін арттыруға ықпал етіп, Nur Otan трансформациясына белсенді түрде қосылуы тиіс екенін айтты.

Жиналыс барысында мәжілісмендер жаңа міндеттерді ескеріп, фракцияның сапалық құрамына өзгерістер енгізді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция басшысының орынбасары және президиум мүшесі болып сайланса, мәжілісмендер Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция президиумы құрамына кірді.

Спикер праймеризден өткен, қоғамда үлкен беделге ие, кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар депутаттар азаматтармен диалог құруы керек екенін айтты. Бұл алдын ала жұмыс істеуге және мәселелерді тексеруге мүмкіндік береді.

Фракция алдында тұрған жаңа міндеттерді ескеріп, Мәжіліс төрағасы заң шығару қызметінің сапасын арттыруды, депутаттық сауалдардың өзекті болуын, өңірлердегі талдау және жұмыс мәселелері бойынша партияның орталық аппаратымен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Фракция депутаттары ақпараттық жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік желілерге ерекше назар аударуы керек екені айтылды.

Мәжіліс спикері фракция мүшелері алдына депутаттардың биыл ақпанда өңірлерге сапарына байланысты бірқатар міндет қойды. Мәжіліс төрағасы алдағы жұмыстың маңыздылығын айтып, тұрғындармен кездесулер нақты мәселелерді талқылау мақсатында тікелей форматта өтуі тиіс екенін еске салды. Халықпен, оның ішінде шалғай ауылдарда да кездесу өткізу қажет. Жастарға ерекше көңіл бөлу керек екені айтылды. Сапар барысында қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесулер, сондай-ақ, партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау өткізу қажет.

Фракция жиналысына Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети