30 маусым 2023 11:09

Ерлан Қошанов: Парламент заңдарды халық үшін және халықпен бірге жазады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды.


Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды.

Мәжіліс Төрағасы Парламенттің осы сессиясы небәрі 100 күнге созылғанына қарамастан, атқарған жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болғанын атап өтті.

"Біз осы сессияда заң шығару жұмысына ерекше қарқын бердік. Сол қарқынды алдағы уақытта да сақтаудың маңызы зор. Парламентарийлер келесі сессияда сайлаушылардың өзекті мәселелерін шешуге, Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға ерекше екпін беруге тиіс. Біз Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемдер мәселесі жөніндегі заң жобасымен жұмысты жалғастыратын боламыз. Бұл - Президенттің ауқымды реформалары аясындағы негізгі бастамасының бірі", - деді Е.Қошанов.

Келесі сессияда Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Салық, Бюджет, Су, Қала құрылысы кодекстерімен, Мемлекеттік сатып алу, Ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобаларымен жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Мәжіліс Төрағасы алдағы аптадан бастап депутаттардың өңірлерге сапары басталатынын айтты.

"Келесі аптадан бастап бәріміз өңірлерге шығамыз. Сол кезде қаралатын заңдар бойынша халықпен тереңірек пікір алмасу, жұртшылықтың ойын білу маңызды. Парламент заңдарды халық үшін және халықпен бірге жазады. Бұл – біздің басты ұстанымымыз", - деді Ерлан Қошанов.

Жалпы, сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы, Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды. Сондай-ақ, Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болса, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заң күшіне енген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети