24 маусым 2023 17:00

Ерлан Қошанов Президенттің атынан Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мерейтойға арналған жиын ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында өтті. Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырғанына тоқталды.

Ерлан Қошанов ақынның жерлестерін мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

"Мағжан Жұмабаев - қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының мақтанышы. Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың жүрегіне жол тауып, руханиятымыздың алтын қорына енді. Мен Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда жастардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру қажеттігіне ерекше тоқталдым. Бұл ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Осы орайда Мағжанды тану, Мағжанды таныту - тәрбиелік әрі тағылымдық мәні бар мәселе. Сол себепті оның шығармашылығын терең зерделеп, жан-жақты дәріптеу керек. Артында өлмейтұғын сөз қалдырған ақынның мол әдеби мұрасы талай буынға өнеге болары сөзсіз. Оның өміршең өлеңдері халықпен бірге жасай береді", - делінген Президент құттықтауында.

Мәжіліс төрағасы Қызылжар өңірі ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі мекен екенін ерекше атап өтті.

"Сарытомарлықтар сонау заманның қиын кезінде, Мағжанның атын атауға тиым салынған уақытта да атақты жерлестерінің атын өшірмей, жан-жүрегімен қастерлеп келді. Естеріңізде болса, осыдан отыз жыл бұрын Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық мерейтойы республика көлемінде тұңғыш рет аталып өткен болатын. Содан бері отыз жыл өтсе де, халқымыздың Мағжан тұлғасына, Мағжан мұрасына деген ықыласы мен махаббаты өзгерген емес. Қайта жыл өткен сайын еселеп артып келеді", - деді Ерлан Қошанов.

Елімізде болып жатқан оң өзгерістер ұлтымыздың ұлы тұлғаларының, соның ішінде Мағжан Жұмабаевтың идеяларымен үндесіп жатқанын тілге тиек етті.

"Мағжан дегенде - халқымыздың ХХ ғасырдағы алмағайып, ауыр тағдыры көз алдымызға келеді. Ақынның "Күншығыстан күн келеді - мен келем" деген бір жол өлеңі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның арманы мен мұратының ұранындай. Бүгінгі ұрпақ осы күнге, осы арманға, осы мұратқа ұмтылуы қажет", - деді Мәжіліс Төрағасы.

Мереке аясында облыста халықаралық ақындар айтысының финалы, ат спорты мен қазақша күрестен жарыс өтті.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети