“Ерлік - елдің қасиеті“: Тоқаев Бауыржан Момышұлының сөзін еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ерлік - елдің қасиеті“: Тоқаев Бауыржан Момышұлының сөзін еске алды Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады.

"Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының "Ерлік – елдің қасиеті" деген қанатты сөзі бар. Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарайсыздар! Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын!" – деп түйіндеді сөзін Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +24
Ақтау +22
Ақтөбе +16
Атырау +25
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +20
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +20
Т
Талдықорған +25
Тараз +29
Түркістан +16
О
Орал +18
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер