Ермегияев отырған колонияда қандай заттар табылды?

22 Қазан 2018, 14:45
0
Ермегияев отырған колонияда қандай заттар табылды? - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Сотталушы Талғат Ермегияевқа болысу ісі бойынша, судья колонияда тінту кезінде табылған заттар тізімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 22 қазанда Астананың Байқоңыр аудандық № 2 сотының судьясы Айжан Құлбаева қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің бұрынғы басшылығына қатысты істі аяқтады

Сотталушылар Талғат Ермегияевке барлық жағдайды жасап беру мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын мойындады. Тергеу мәліметінше, олар жазасын өтеп жатқан "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке кездесулер ұйымдастырып отырған. Колония басшысының бұрынғы орынбасары Талғат Мұсаев кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Ал Ермегияев бұл істе куәгер ретінде қаралды.

Сот үкімді оқи отырып, бір жыл бұрын Талғат Ермегияев жазасын өтеген колонияда тәркіленген заттар тізімін атады. 

"2017 жылы 29 желтоқсанда тінту кезінде тәркіленіп, қазіргі уақытта заттай деректер ретінде сақтау камерасында тұрған заттар: Сигаралар, бос футляр, қыздырылатын табак таяқшалары, сигара кесуге арналған пышақ, күлсалғыш, темекіні қыздырудың жлектр жүйесі, Huawei маркалы жылжымалы қалалық стационарлық база, ақ түсті Wi-Fi-роутер, Ермегияевтің отбасылық суреттері, флеш-карта, керамикалық ыдыс, асхана балтасы және пышақтар, үш шыны саптыаяқ, табақша, тәрелке, металл шампурлары. Сондай-ақ, ЕЦ-166/10 колониясын тінту кезінде мынадай заттар табылды: Күрте, жемпір, жейде, төсек-орын жабдығы, тоқылған көрпе, түкті халаттар, сүлгі, асжаулық, спорттық роликтер мен гантельдер, боксшы табаны, тізеге арналған эластикалық бинт, шингарты, гольф, қалқанша, шұлық, эластикалық бинт, секіргіш, антиперспирант, табанға арналған қаптама, DVD-ойнатқыш, "Монополия" ойыны, домино, плазмалық теледидар, микротолқын пеш, термопот,  шырынсыққыш, мультиварка, таба, қуырма ыдыс, үтік, электр вафель қалыбы, электроплита, үрмелі матрац, йогаға арналған кілемше, қазан, моншаға арналған сыпырғылар, тізеқап, күнге қарсы көзілдірік, көшеге киюге арналған 19 жұп аяқ-киім, үйге арналған төрт түрлі ая киім, шприц, дәрі-дәрмек, спорттық тағам, камуфляждалған төсек орны, азаматтық түрдегі кепеш, кара түсті маска, қысқы бөрік, шолақ шалбар, мүшеқап, тамақ жабуға арналған қабықша, белдіктер, киім жууға арналған кондиционерлер, гигиеналық жеке заттар, медициналық майлықтар, ампулалалар, дәрілер, иіссу", - деп оқыды судья Айжан Құлбаева

"Сонымен қатар, ЕЦ мекемесінде Ермегияев жұмыс істеген бөлшектеп өлшеу цехында болған заттар: электр плита, кондиционер, микротолқын пеш, электр шәйнегі, екікамералы тоңазытқыш, кір жуу машинасы, су қайнатқыш, ЕЦ 166/10 балансында жоқ біраз заттар табылған", - деді Айжан Құлбаева.

Мұның алдында Талғат Ермегияевке болысқандар ісі бойынша сотта бұрынғы Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың жауабы тыңдалған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай